Алматыда хиджапсыз шахмат ойнаған ирандық қыз Испания премьер-министрімен кездесті
Алматыда хиджапсыз шахмат ойнап, Испанияға қашқан ирандық Сара Хадем осы елдің премьер-министрі Педро Санчеспен кездесті.
Ислам Республикасының 25 жастағы азаматы Қазақстанда өткен чемпионатқа желтоқсанның соңында қатысты. Сол кезде ол елінде қабылданған дресс-код тәртібіне бағынбай, орамалсыз жүріп, әлем ақпарат құралдарының назарына ілікті. Турнирден кейін Сара Иранға бармай, Мадридке жетті. Оның айтуынша, хиджаппен өзін жақсы сезінбейді, сондықтан одан бас тартқан. Еске салайық, былтыр қыркүйектің ортасында Иранда орамалды дұрыс тақпады деген себеппен ұсталған 22 жастағы Махса Әмини полиция көлігінде қаза тапқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05