Әлем нарығында алтын қымбаттап жатыр
Әлем нарығында алтын қымбаттап жатыр. Бүгін 1867 долларға сатылды. Сарапшылардың сөзінше, нарықтағы ойыншылар АҚШ федералдық қор жүйесінің баяндамасын күтіп отыр. Ал Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, Қазақстанда алтынның грамы бүгін 27 мың 793 теңгеге саудаланды. Қарашадан бері елде бағалы металл 3600 теңгеге қымбаттаған. Ал мұнай керісінше арзандап жатыр. Brent сұрыпты мұнай 79 долларға, WTІ 74 долларға саудаланды. Қара алтын шамамен 3 пайызға жуық арзандады. Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың көбеюі салдарынан инвесторлар экономикалық белсенділік қайта төмендеуі мүмкін деп қауіптенеді. Бұл мұнайдың арзандауына әсер етіп жатыр.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10