Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде аққуларға азық жеткізілді
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде аққуларға азық жеткізілді.
Себебі желтоқсан айының басында қатты суық болып, көлдің жағалауын толықтай мұз басып қалған. Осының салдарынан құстардың қорек табуы қиынға соқты. Табиғат жанашылары мұздың үстіне арпа, бидай, орамжапырақ пен сәбіз секілді аққуларға пайдалы азықты жеткізіп жатыр.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы көлді қыстауға биыл 4-5 мыңдай аққу ұшып келген.
Ғаббас Досатов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
Егер қатты тағы аяз болып, мұз қатып сондай бір құстарға қорегін табуға қиын жағдай туындап жатса, біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Бірақ кеше біз байқадық, көлдің жағалауындағы мұздардың еріп бастағанын байқадық. Аққулар қамыстың арасына келіп, қорегін тауып жеп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04