АҚШ-та қатты боран мен үскірік аяздан қаза тапқандардың саны 56-ға жетті
АҚШ-та қатты боран мен үскірік аяздан қаза тапқандардың жалпы саны 56-ға жетті. Болжамдарға қарағанда, қар ерігеннен кейін құрбандардың бұдан да көп екені анықталуы мүмкін. Өйткені, жолда талай көлік қалып, шалғайдағы елдімекендерге жету әзірге қиындап тұр.
Әсіресе, Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы жағдай ауыр. Мұнда 27 адам қар көшкінінен қаза тапқан. Жергілікті басшылық аймақтағы ахуалды тіпті, «соғысқа» теңеп отыр.
Құрама Штаттарда қар көшкіні салдарынан, өткен аптаның соңында жүздеген мың адам жарықсыз қалды. Ал, Вермонт, Огайо, Висконсин, Канзас, Колорадо штаттарында аяз күшейсе, Монтанада ауаның температурасы 50 градусқа дейін төмендеген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05