Сапасыз интернет: Операторларға жаңа талап қойылуы мүмкін
Интернет сапасын жақсартпайтын операторлардан - мемлекеттен берілген радиожелілік ресурсты тартып алу қажет. Осылай деген Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жаңа талапты заңға енгізуді ұсынды. Бағдат Мусин бұған дейін операторларға 180 млн теңге айыппұл салынғанын айтты. Ал айыппұл мөлшері 10 есе өскен соң, операторлар 1,5 айда 300 млн теңге төлеуге міндеттелген.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Қыркүйекке дейін 700-ге жуық өлшемдер жүргізілді. Екі ай әлде жарты жыл көлемінде оларға уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде операторлар мәселелерді жоймаса, яғни интернеттің сапасын жоғарылатпаса, біз келесі рет келіп оларға 10 есе көп айыппұл жазасын береміз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10