Сарапшылар кеңесі 3 бағытта жұмыс жүргізуі тиіс – қоғамдық бірлестік өкілдері
Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған сарапшылар кеңесі 3 бағытта жұмыс жүргізуі тиіс. Әуелі, азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруға және қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға міндетті. Одан бөлек, сайлау заңнамасын жетілдіру арқылы жүйені одан әрі дамыту шарт. Әрі сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық және электоралды мәдениетін арттыруға үлес қосуы тиіс. Бүгін елордада сарапшылар кеңесінің отырысы өтіп, олардың мақсат-міндеттері сөз болды. Кеңестің құрамында құқықтану, саясаттану, әлеуметтану және ғылым саласының өкілдері мен қоғамдық бірлестік өкілдері, аумақтық сайлау комиссиясының басшылары бар.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сайлау процесіндегі кәсіби ғылыми тұрғыда бекітілген баламалы көзқарастарды ілгерілету өте қажет. Сайлау жүйелерін одан әрі трансформациялау үшін интеллектуалды алаңның қажеттілігіне сұраныс та бар. Кеңес Орталық сайлау комиссиясының қоғам мен тығыз қарым-қатынасының арнасы болатынына мен сенемін.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04