Қызылордада республикалық күйшілер байқауы өтті
Қызылордада Сыр сүлейі атанған Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына орай республикалық күйшілер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде еліміздің әр өңірінен келген талантты 25 күйші өнер көрсетті.
Бабалар мұрасын дәріптеп, дәуірдің үнін домбырамен жеткізіп жүрген жас өнерпаздар алғашқы кезеңде дәулескер күйші Әлшекейдің туындыларын нақышына келтіре орындады.
Сыр сүлейінің 100-ге жуық күйі сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен. Ал екінші кезеңде күйшілер күй атасы Құрманғазы, Қазанғап пен Дина мектебінің шығармаларын насихаттады. Байқау барысында қатысушылар күй күмбірін төгіп, жиналған көрермен дәстүрі өнермен сусындап, рухани азық алды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04