Шығыста жолдардың дайындығы пысықталды
Шығыста автокөлік жолдары қысқа дайын. Өңірде үнемі қар басып қалатын 142 қауіпті аумақ бар. Бұларға жауапты мердігер мекемелер ерте көктемнен техникасын майлап, құралдарын сайладық деп отыр. Жалпы өңірдегі 90 пайыз жол жергілікті маңызға ие. Осы жолдарды күтіп-баптау әр ауданға жүктелген. Республикалық маңыздағы бағыттар «Қазавтожол»-дың еншісінде. Өткен қыста боран мен аяз салдарынан 40 рет жолдар жабылды. Ауа райы күрт бұзылған кезде жауапты мердігер мекемелер арнайы техникамен келіп, тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Дастан Тоқтыбаев, жолды пайдалану учаскесінің бастығы:
Қысқы күтіп ұстау жұмыстарына ерте кірісіп кеттік. Техникаларымыз 100 пайыз дайын. Облыс бойынша 160 техника дайын. Енді республика бойынша оның санын 2000-ға дейін жеткізу көзделген.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04