Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті
Алматыда Республика күні қарсаңында «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті. 2016 жылдан бері өтіп келе жатқан республикалық деңгейдегі шара биыл осымен бесінші мәрте ұйымдастырылды. Жарысты тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының салт-дәстүрімен кеңінен танысты.
Негізгі ойындармен қатар, фестиваль қонақтары аңшылық-саятшылық өнерге қатысты бүркіттің, тазы иттің бірнеше түрін көрді. Қолөнер шеберлері дайындаған тұрмыстық бұйымдардың көрмесін тамашалады. Ұйымдастырушылар жыл сайын келушілердің саны артып, жастардың қызығушылығы артып келеді дейді.
Қуат Үсенов, қалалық бәйге федерациясының президенті:
Бәйге ойындары, содан кейін жамбы ату, теңге ілу, көкпар тарту, аударыспақ, асық ойындары жастардың бәрін ұлттық спортқа насихаттап, рухани тәрбиелеп, соған жастардың барлығы көңіл аударып, үлкені бар, кішісі бар. Бұл біздің ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз. Қарқыны жаман емес деп айтуға болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04