Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беріледі
Талдықорғандағы Журналистер үйіне телевизия тарланы Бейсен Құранбектің есімі беріледі.
Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Бұл – Жетісу жұртшылығының, қалың көрерменнің қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті :
Жетісудан шыққан азаматтар Тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10