Шымкент қаласында оқушы қыздың өліміне жұмыс берушіні кінәләді
Шымкент қаласының полицейлері пиццерияда электр тогы соғып қайтыс болған жасөспірім қыздың өліміне күдікті ретінде жұмыс берушіні қамауға алды. Бұл оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Мектепте оқитын 15 жастағы қыз дәмханада еден жуып жүріп, электр сымдарының тұйықталуынан жан тәсілім еткен болатын. Құқық қорғаушылар осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің еңбекті қорғау қағидаларының бұзылу бабы бойынша тергеу жүргізді. Сараптамалар жасалды. Нәтижесінде марқұмға жұмыс беріші Пәкістан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Электр-техникалық сараптама қорытындысы шыққаннан соң іс сотқа жолданбақ.
Ғани Қалмаханов, Н. Нұрбек
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04