Семейде «Абай оқулары» өтті
Семейде өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» өтті. Бірнеше ай бойы еліміздің әр өңірінде іріктеуден өткен жастар сайысқа жиналды. Байқау Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне өзге этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатын көздейді.
Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен байқау Қазақстан халқы тілдерінің ХVI республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылған.
Еліміздің барлық облыстарынан келген таланттар сахнадан Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа айтып, қара сөздерінен үзінді келтірді. Абай әнін шырқау, ұлттық киіммен шығып сахналық өнер көрсету мәдениеті де, байқаудың басты шарты.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04