Маңғыстау облысында темір жолды құм басып қалған
Маңғыстау облысында темір жолды құм басып қалды. Соның салдарынан «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызы 42 минутқа кешіккен.
Оқиға 1-мамыр күні болған. Шаңды дауылдан Маңғыстау мен Бейнеу аудандарының арасындағы бірнеше разъезде теміржолды топырақ басып қалған. Соған байланысты, пойызды сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жүргізуге тура келді. Топырақ басқан теміржолды тазалауға 2 техника мен Бейнеу жол дистанциясының 30 жол жөндеушісі жұмылдырылды. Олар 3 шақырым жерді құмнан тазартқан.
Аслан Назаров «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» Маңғыстау филиалы директорының орынбасары:
Жел сәл көтерілетін болса біздің учаскелерде топырақ борап, осы топырақтың жаңбырдың жаумауынан біздерде топырақ жер жерде көтеріліп, бүткіл Маңғыстау облысы бойынша, біздің отделениеміз бойынша топырақтан қауіп көп болып тұр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04