Тасқыннан кейін: Бағыс ауылымен қатынас қалпына келді
Нөсерден кейінгі тасқыннан орталықпен қарым-қатынасы үзілген Сарыағаштағы Бағыс ауылымен барыс-келіс қайта орнады. Облыстық маңызы бар жолдың су шайып кеткен жері екі күннің ішінде тегістеліп, қалпына келтірілді. «Оңтүстік жолдары» мекемесінің арнайы техникасы мен құрылысшылары су шайып кеткен жерді топырақпен толтырып, оны нығыздап бекітті. Асфальт жабындысы жер тапталғаннан соң төселеді. Естеріңізге салсақ, өңірде болған жойқын тасқын ұзындығы 8 шақырым болатын жолдың батыс Еуропа-батыс Қытай көлік дәлізіне қосылатын жерін бұзып кеткен болатын.
Раушанбек Өтеев, «Оңтүстік жолдары» мекемесінің учаске басшысы:
Асфальт бір-екі ай өткеннен соң, отырған соң жайылады. Әзірше мынаны топырақпен бекітіп, үстін катокпен басып дайындап кетеміз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04