Үкімет жанындағы комиссиялар саны екі есеге қысқартылды
Үкімет жанындағы комиссиялар саны екі есеге қысқартылды. Яғни, 70-тен 25-ке бірақ азайды. Бұл мемлекет басшысының брюрократиядан арылу жөніндегі жарлығын орындау бойынша атқарылып отырған шара. Сонымен қатар құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын және норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзірленіп жатыр. Регламенттің жаңа редакциясы жақын арада бекітілмек. Сонымен қатар Үкімет басшылығының қолданыстағы тапсырмалары тексерілуде. Маңыздылығын жойған және қайталанатын тапсырмалардың барлығы алынып тасталады. Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04