Ақтауда бірнеше шағын ауданда құбыр жарылды
Коммуналдық апат салдарынан тұрғындар ыстық сусыз қалды. Жағдайды осы өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы скайп арқылы баяндайды. А
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Жылу құбырларындағы ақау 1-ші, 14-ші және 28-шағын аудандарда тіркелді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Мен қазір 28 шағын аудандағы апат болған жерде тұрмын. Өздеріңіз көргендей құбыр әлі жөнделмеген, ыстық судың буы бұрқырап жатыр. Жауапты коммуналдық мекеменің берген мәліметіне қарағанда жылу жүйесін қатты екпінмен температуралық сынау жұмыстары жүргізілген. Осы кезде құбырлардың бойындағы ақауларды анықтауға болады екен. Сондай-ақ осындай жұмыс жүріп, ыстық судың уақытша тоқтатылатына туралы тұрғындарға алдын ала хабарланған. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталып, су қашан берілетіні әзірге белгісіз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04