Аграрлық салаға мейлінше қолдау көрсету қажет - Президент
Биыл дән себу жұмыстарын сапалы әрі дер уақытында өткізу басты міндеттердің бірі, деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.
Президент бірқатар аймақтарда көктемгі дала жұмыстарына дайындық кешеуілдеп жатқанын сынға алды. Үкімет пен әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс. Жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөліп, элиталық тұқым, тыңайтқыш алуға көмектесу қажет. Себебі, топырақта ылғал аз. Бұның егіс өнімділігіне тікелей әсері бар. Агроөндірістік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын фермерлермен кеңесе отырып қайта қарау қажет, деді Президент.
Қуаныш Баймағанбетов, шаруа қожалығының басшысы:
Бүгінгі күні біз өзіміз өсірген дәнді дақылдарды тиімді бағамен өткізе алмай отырмыз. Кедергілер бар. Бұл көктемгі дала жұмыстарына әзірлігімізді тежейді. Бүгінгі Жолдауда Президент осы мәселелерді нақты айқындап берді. Әсіресе форвардтық бағамен мемлекеттің тұрақтандыру қорын өніммен қамту біздерге үлкен көмек.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04