Алматыда нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды
Алматыда үш күннен бері жауған нөсер жауын қала тұрғындарын әбігерге салды. Жеке тұрғын үйлерді су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Халық жауынның салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісіне шағымданып жатыр. Әрі жол жиектеріндегі судан жүріп-тұруымыз қиындады, - дейді. Қазгидромет мамандары, мегаполисте алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтады. Ал, төтеншеліктер, қала тұрғындары мен қонақтарын таулы аймақтарға шықпауға шақырып отыр.
Бағдат Темірболатұлы, қалалық ТЖД басқарма басшысы:
Қар жамылғысының тұрақсыз әрі биік болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы алқаптарында 15 және 18 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталатыны туралы хабарлайды. Тауға шығатын демалушыларға биік, тік, қарлы жартастарға шықпауды, сонымен қатар таулы аймақта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін ескертеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04