Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан құқық қорғаушылардың отбасына пәтер берілді
Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт құқық қорғаушының отбасына пәтер кілті берілді. Бір және екі бөлмелі баспаналар жергілікті кәсіпкердің қаражатына алынды. Жалпы өңірде қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің шаңырағына жан-жақты көмек көрсетіліп келеді. Осыған дейін олардың несиелері өтеліп, 5 млн теңге жәрдемақы берілген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Дархан Барғанаев қалалық полиция басқармасын қорғау барысында, ал Ербол Ержанов Талдықорғандағы тергеу абақтысына жасалған шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапты. Сондай-ақ Әділ Нұркенов пен Ғабдулла Смайылханов арнайы әскери операция кезінде көз жұмды.
Төлеубек Ержанұлы Е.Ержановтың әкесі:
Бәріңізге алғысымды айтамын. Келіп, қайғымызға ортақтасып, барлық айтқандарын орындап, жасап жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05