Ақтөбе халықаралық әуежайы екі аптаға жабылады
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы 17-інші наурыздан бастап екі аптаға жабылады. Оған ұшу жолағындағы олқылықтар себеп болып отыр.
Нысанның жай-күйін азаматтық авиация комитетінің өкілдері, облыс әкімдігі мамандары мен әуежай қызметкерлері тексерген. Нәтижесінде, 3 шақырымдық ұшып-қону жолағының талапқа сай емесі анықталды. Яғни, жарықшақтар пайда болып, плиталар қабыршақтанып кеткен. Сондықтан, екі апта ішінде жөндеу жүргізілмек. Әуежай басшылығы бұл жұмыстарға қаржы бөлуге дайын.
Руслан Хамбаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
Ұшақ бұрылатын тұстағы жабындыларды жөндеу туралы шешім қабылданды. Негізі авиация әкімшілігіндегілер әрі қарай ұшуды жалғастыруға болады деді. Дегенмен біз жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін ескеріп отырмыз. Жабындыны қалпына келтіреміз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04