Талдықорған қаласының тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
Талдықорған қаласының тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді. 23 жастағы азаматтың көлігінен сұр түсті ұнтақ салынған 175 қаптама табылды. Арнайы сараптама оның синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Күдіктінің тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру барысында есірткі заттарын өлшеуге, мөлшерлеуге арналған электронды таразы, қаптамалар мен қалташалар және басқа да құралдар табылды. Тәркіленген есірткі заттарының салмағы 261 грамм. Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері бұл аса ірі көлем деп бағалады. қылмыстық іс қозғалды, күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05