Павлодарда аса ауыр хәлдегі шақалақ санавиациямен облыс орталығына жеткізілді
Екібастұз қаласында туған сәби Павлодарға санитарлық авиациямен жеткізілді. 30 апталық, яғни, мерзімінен бұрын дүниеге келген шақалақ ауыр халде жатыр. Туысымен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі уақытта облыстық перинаталды орталықта. Күшейтілген терапия әдістерін қолдану арқылы дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалуға әрекет жасауда.
Ирина Мищенко, облыстық Жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары:
Кесарь тілігі арқылы дүниеге келген сәби. Анасы 40 жаста. Бұл оның 5-ші баласы. Салмағы 1 келіден сәл астам. Қысқы уақытта әуе бортын дайындау үшін ғана 1,5 сағат керек. Ал, бұл жолы Павлодарға 1 сағат 20 минут ішінде жеткізілді. Дәрігерлер тарапынан барлық мүмкіндік жасалады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04