Солтүстік Қазақстанда ашық жатқан уран кеніштері қоршалып жатыр
Айыртау және Мүсірепов аудандарында 10 жылдан астам уақыттан бері қараусыз қалған 6 кен орны бар. Оларды қоршау үшін арнайы жол картасы әзірленді. Кеңес одағы тұсында ұзақ жылдар бойы уран өндіріліп келген кәсіпорын жұмысы 1990 жылы тоқтатылып, шахталар консервацияланды.
Жабылған кен орындарын «Уран Ликвид Рудник» компаниясы бақылауға алды. Алайда бұл кәсіпорын 2010 жылы банкротқа ұшырап, кеніш қараусыз қалды. Жергілікті тұрғындар нысандағы құрылыс материалдарын бұзып алып, жанында бос жатқан жерге мал жая бастаған.
Ендігі жоспарға сай радиациялық қауіпті аймақ 2023 жылға дейін толық қоршалады.
Азамат Бектасов, Солтүстік Қазақстан облыстық Экология департаментінің басшысы:
2017 жылдан бастап осы кен орындарында мониторинг жұмыстарын жасағанбыз. Кейбір ашық жерлерде радиациялық көрсеткіштер жоғары болып көрсетілді. Сондықтан біз осы мәселені көтеріп, осы жұмысты жалғастыруға шешім қабылдадық.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04