Алматыда ұрланған қару жасырылған орын анықталды
Алматыда бандалық құрылымдарды ұстау операциясы әлі жүріп жатыр. Бүгін қала полициясы ұрланған қару-жарақ жасырынған орынды анықтады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Тәртіпсіздік кезінде ұрланєан қаруды 18 жастаєы Алматы облысының тұрғыны жасырған. Одан жауап алу кезінде қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Ол қолды еткен мылтықтарды қала шетіндегі қоймалардығ бірінде сақтаған. Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығы анықталуда. Сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04