Елде Қытайдан келетін тауарлар қымбаттап жатыр
Елде Қытайдан келетін тауарлар қымбаттап жатыр. Алматылық кәсіпкерлер көрші елден тапсырыс берген тауарларын бірнеше айдан бері елге жеткізе алмай отыр. Дүкендерінде тауар қоры таусылуға шақ қалған. Сондықтан бағаны көтеруге мәжбүр болдық дейді олар. Кәсіпкерлердің кірісі 50 процентке дейін азайған. Бұған дейін депутаттар Қытаймен арадағы шекара жабылған соң елдегі кәсіпкерлер 170 млрд теңге шығынға батқанын айтты. Алайда Қытаймен Қазақстан арқылы Еуропаға транзит ашық тұр.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
Қытай – біздің тауар айналымындағы үлкен мемлекет. Біз шектесек, одан тек өзіміздің экономикамыз ғана қиыншылық көреді. 3:38 Басқа экспорттың жолдарын іздеу керек. Тіпті болмаған жағдайда кәсіпкерлерге салық жағынан көмек көрсетуді қарау керек. Алдағы бір айдың ішінде бұл мәселе шешілмесе, Үкіметке ұсыныс айтамыз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04