Маңғыстау облысында 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды
Маңғыстау облысындағы Қызылсай ауылында 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды. 5 мыңнан астам халқы бар елдімекенде бұған дейін дәрігерлер мәдениет үйінің ғимаратында отырды. Басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар 20 шақырым жердегі Жаңаөзен қаласына қатынайтын. Енді міне, қажетті ем-дом жаңаша жабдықталған медициналық ұйымнан алатын болды. Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.
Бақытжан Өскінбаев, Қызылсай ауылының тұрғыны:
Бүгін міне ауылымызда жаңа амбулатория ашылып, ауылымыз халқымыз да бәріміз қуаныш үстіндеміз. Бөлмелері өте көп. Әр дәрігер өз бөлмесінде отырады. Бұрын енді узиге затқа қалаға баратын едік. Міне узи аппараты бар.Тағы да жаңадан аппараттар әкеліп құрамыз деп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04