Энергетика саласында 12 мыңнан аса жұмыс орны ашылады
Энергетика саласында 12 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру кезінде Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, 4 трлн теңгеден аса қаржыға елде үш жоба іске асып жатыр. Оның бірі биыл Шымкентте іске қосылған зауыт. Нысанды салуға 25 млрд теңге жұмсалды. Жылына 57 мың тонна бензинге арналған қоспа шығарады. Бұрын бұл қоспаны Қазақстан шетелден импорттайтын. Жоба жанар-жағармайдың сапасын арттыру үшін қажет. Яғни бензиндегі күкірттің үлесін азайтады. Зауытта 350 адам жұмыс істейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04