Алматы облысында жүк көлігі 3 адамды қағып кетті, екеуі мерт болды
Алматы облысында жүк көлігі 3 адамды қағып кетіп, екеуі мерт болды. Дене жарақатын алған үш жастағы бүлдіршін ауруханаға жатқызылды. Қайғылы жағдай кеше Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болды. Жол апатының кесірінен 53 жастағы тұрғын мен 9 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал Түркістан облысында жеңіл көлік жүргізушісі бес жасар баланы қағып кетті. Кентау қаласындағы көшелердің бірінде "ВАЗ "автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Сол кезде жеткіншекті соғып кеткені белгілі болды. Бала дене жарақатынан сол жерде көз жұмған. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04