Ақтөбеде аудан әкімінің орынбасары баласына жер бөліп бергені үшін жазаланды
Қызметін пайдаланып, баласына жер телімін бөліп берген. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің орынбасарының мәселесі әдеп кеңесінде қаралды.
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жер телімін бөлу кезінде баласының атындағы шаруа қожалығына басымдық берген. Нақтырақ айтсақ, 15 бас малы бар шаруашылықтың жайылымы үшін 2400 гектар жер беруге шешім шығарған. Ал,басқа өтінімдер комиссия дауысына салынбаған. Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен оған және тағы бірнеше маманға ескерту берілді. Ал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылданды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04