Шымкентте жұмыртқа мен сұйық май бағасы арзандайды
Шымкентте жұмыртқа мен сұйық майды арзандату үшін шекті баға енгізілді. Енді жұмыртқаның он данасы 392 теңге, сұйық майдың литрі 605 теңгеден аспайды. Ол үшін тұрақтандыру қорынан 400 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы тап осы тауар түрлерін өндіретін кәсіпорындардың айналым қаржысын көбейту үшін беріледі. Немесе бағасы шектік мөлшерден аспайтын тауар жеткізіп берген дистрюбьюторларға аударылады. Қала әкімдігі осындай тәсіл арқылы жұмыртқа мен майдың бағасын екі айға дейін тұрақты ұстап тұрмақшы. Монитронингтік бақылау тобы соңғы айларда мегаполисте жұмыртқаның шектік бағасы - 17, сұйық майдыкі 19 процентке қымбаттап кеткенін анықтаған.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04