ШҚО-да коронавирустан айыққандарға арналған оңалту орталықтар жұмыс істеп жатыр
Шығыс Қазақстанда пандемия басталғалы бір жылға жуық уақыттың ішінде коронавирустан 20300-ден астам адам жазылып шыққан. Қазір облыста індеттен сауыққандарды оңалтатын орталықтар жұмыс істеуде. Екеуі Семейде іске қосылған. Бір мезетте 200 адамға дейін қабылдап, ем жүргізетін мекемелердің жұмыс істей бастағанына 4-ші ай. Қазір онда Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан, қалаларынан емделушілер келіп жатыр. Олар үшін орталықтарда өкпе мен тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіретін ем түрлері тегін.
Зауреш Елеуқызы, Семей қаласының тұрғыны:Мен өзім жазда коронавируспен ауырдым. 45 пайыз өкпе кетті. Ентікпе. Қазір жөтелім азайды.
Валентина Голованева, реабилитолог-дәрігер:Бізге пневмонияның ауыр түрімен ауырып, ем қабылдап шыққандар да келеді. Короновирустан кейінгі оңалтуға арналған мына орталық 150 адамға арналған. Қазір арнай бағдарлама бойынша 30-дан астам емделуші оңалтудан өтіп жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04