Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысына шектеу қойылды
Ақтөбенің Бестамақ аулындағы шошқа фермасының жұмысына шектеулер қойылатын болды. Өйткені кәсіпорынның экологиялық талаптарды бұзғаны анықталған.
Атап айтқанда өндірістік лас сулар жер бедерін бүлдірген, арнайы тазарту қондырғысы болмаған. Биологиялық қалдықтар қоймасы аумағында зарарсыздандыру құдығы мен арнайы қоршау жоқ. Сондай-ақ шошқалардың нақты саны жобада көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмейді. Осылайша, сот шешімімен Экология департаментінің талаптары қанағаттандырылды. Кәсіпорын аумағынан зиянды қалдықтар мен лас суларды шығаруға және шошқаларды союға тыйым салынды.
Халима Оразова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы:Серіктестіктің шаруашылық жүргізу қызметінің өндірістік ағынды суларды сақтау қоймаларына және жер бедеріне жіберу бойынша бөлігінде және биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалану бөлігінде бұзушылықтар қалпына келтірілгенге дейін тоқтатылды. Сонымен қатар, жауапкер қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттан айырылды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04