Мүлікті мерзімінде тіркемегендерге айыппұл салынбайды
Жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемеген азаматтар бұдан былай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, ешқандай айыппұл төлемейді. Сенат салаға қатысты ережеге өзгеріс енгізу туралы заңды бүгін қабылдады. Сонымен бірге, жылжымайтын мүлікке қатысты барлық ақпаратты заңгерлер, сот орындаушылар, нотариустар, мемлекеттік кіріс органдары «электрондық үкімет» порталынан алады. Бұрын бұл іс бюрократияға байланып, тұрғын үй мен қандай да бір нысанға қатысты мәлімет алу біраз уақыт алатын. Заңға енгізілген өзгерістер құжат алудың жолын жеңілдетеді, дейді депутаттар.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:-Заң меншік иелерінің бұзылған жылжымайтын мүлік нысандарына құқықты тоқтату тетіктерін бекітуге, соған байланысты мемлекеттік және жергілікті органдардың құзыретін белгілеуге бағытталған.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04