Биыл салық түсімдері 22%-ға дейін азайды
Биыл экономиканы қолдап, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін Ұлттық қордан бюджетке 4,3 трлн теңге трансферт аударылды. Былтыр 2,4 трлн теңге бөлінген. Сонымен бірге биыл салық түсімдері 22%-ға дейін азайды. Бұған пандемия кесірінен экономикалық жағдайдың нашарлауы себеп. Әсіресе ең көп зардап шеккен салалар, бизнес салықтан және міндетті төлемдерден босатылған еді. Ал медицинаға кеткен шығын 44,6%. Бұл коронавируспен күреске, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға байланысты артып отыр. Педагогтердің айлығын көбейтуге үшін білім беру саласындағы шығын 47,2%-ға көбейген. Сонымен биыл бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын құрады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04