Талдықорғанда газ баллон жарылысынан жарақат алған бір бала қайтыс болды
Талдықорған қаласында газ баллон жарылысынан зардап шегіп, ауруханаға түскен жасөспірім қайтыс болды. 14 жасар баланың денесінің 98 пайызын күйік шалған еді. Тағы үш науқастың халі әлі ауыр. Екеуінің денсаулығы қалыпты және тағы екі баланың жағдайы орташа деңгейде. Естеріңізге сала кетейік өткен аптада Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында сыйымдылығы 5 литр газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша үй иесі суықта қатып қалған газ баллонды жылыту үшін пештің жанына қойған.
Ләйлім Әубәкірова, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:-Өкінішке орай денесінің 98 пайызын күйік шалған 2006 жылы туған науқас қайтыс болды. Облыстық балалар ауруханасындағы екі баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар қазір аталған аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05