Бір дыбыс - бір әріп. Президент қазақ әліпбиін латынға ауыстыру туралы кеңес өткізді
Жиында Мәдениет және спорт министрі жаңа әліпби жобасын ұсынды. Ол «бір дыбыс – бір әріп» принципіне сәйкес келеді. Яғни, бір дыбыс екі рет таңбаланбайды. Мемлекет басшысы әліпби жобасын ғалымдармен зерделей отырып, Үкімет жанындағы Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі ұлттық комиссиясы отырысының қарауына енгізуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:-Жаңа әліпби бастамасы – бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық, бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу біртіндеп жүзеге асуы тиіс.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04