Жыл соңына дейін 18 мыңнан аса азамат жұмыссыз қалуы мүмкін
Елде жыл соңына дейін 18 мыңнан аса азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 10 ірі кәсіпорын қызметкерлерін қысқартпақ. Сенат отырысында депутаттар мұндай азаматтарды «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқылы еңбекке тартуды ұсынды. Әрі еңбек құқығының қорғалуын қадағалау қажет дейді. Қазір елде жұмыссыз халықтың саны 440 мыңнан асқан. Кадрлық қысқарту әсіресе Нұр-Сұлтанда көп: 355 азамат қызметінен кеткен. Дегенмен бірқатар компанияда тапшы. Биыл электронды еңбек биржасында 93 мың бос жұмыс орны тіркелген. Білікті мамандар әсіресе Алматы мен Қостанай облысына қажет.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04