Қазақстанда биыл 556 мыңнан аса адам жұмысынан айырылған
Елде биыл 556 мыңнан аса адам жұмысынан айырылған. Статистика бюросының мәліметінше, жүздеген азамат кәсіпорындар жабылған соң жұмыссыз қалған. Бұған коронавирустық пандемияға байланысты экономикалық жағдайдың нашарлауы себеп.
Айта кетейік, елде биыл 12 мыңға жуық компания жұмысын тоқтатты. Ал 5 мыңнан аса адам еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан босатылған. 400 мыңнан аса адам өз еркімен қызметінен кетсе, 100 адам біліктілігі төмен болған соң жұмыссыз қалып отыр. 13 мыңнан аса адам кадрлық қысқарту кезінде қызметтен кетті. Қысқарту әсіресе құрылыс саласында көп. Биылдың өзінде 4 мыңнан аса адам жұмыссыз қалған. Өнеркәсіп, білім, транспорт пен мемлекеттік басқаруда да кадрлық қысқартуға тап болғандар аз емес.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04