Енді банктер бағалы қағаздың кез келген түрін ала алады
Қазақстандық банктер өз клиенттері үшін енді бағалы қағаздың барлық түрін ала алады. Ал халық зейнетақы жарнасындағы ақшаның бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға бере алады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі осылай деп хабарлады. Бүгіннен бастап бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы қаулының күшіне енді. Агенттік нарыққа жеке инвесторлар тартуды көздеп отыр. Ол үшін банктерге бағалы қағаздар операциясын шектеусіз жүргізуге құқық бермек. Осылайша, олар тек депозитпен ғана шектелмейді. Бұл бастама бәсекелестікті күшейтіп, қор нарығына қосымша инвестор тартуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Еділ Медеу, Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры:
-Халық өз ақшасының бір бөлігін баспана алуға, ем қабылдауға жұмсайтыны секілді енді қаржы ұйымдарының басқаруына да бере алады. Операцияның қай уақыттан бастап іске асатынын алдағы уақытта хабарлаймыз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04