Елімізде коронавирустан тағы 7 адам көз жұмды
Елімізде коронавирустан тағы 7 адам көз жұмды. Ақмола облысында 57 мен 89 жас аралығындағы 4 адам, Алматы қаласында 69 бен 92 жас арасындағы 3 әйел дерттің ілмегіне ілінді. Осылайша елімізде вирустан қайтыс болғандар саны 134 адамға жетті. Ал өткен тәулікте Қазақстанда 534 адамнан індет табылған. Мұнан бөлек ауру белгілері жоқ 1096 тасымалдаушы тіркелді. Сонымен бір тәуліктің өзінде вирус анықталған адамдар саны 1600-ден асып кетті. Бұл осы уақытқа дейін тіркелген антирекорд. Жалпы ковид-19-ды жұқтырғандар саны 19 мыңға жуықтап қалды. 11 жарым мыңнан аса адам жазылып шыққан.Ал симптомсыз науқастар саны 12 мыңға жуық.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04