Түркістан облысының тұрғындары сақтану шараларын күшейтті
Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би елді мекенінің халқы өз ауылына өздері иелік жасап, індеттен сақтану шараларын жасап жатыр. Олар өз күшімен ауылдың кіреберіс көшелеріне қақпа орнатып, кірген шыққандардың денсаулығын тексеруде. Сондай-ақ әрі-бері өтетін автокөліктерді де дезинфекция жасайды. Ал ауыл ақсақалдары болса, жағдайы нашар отбасыларға қайырымдылық ұйымдастыру және дүкендердегі азық түлік бағасының көтеріліп кетпеуін қадағалауға алған.
Жетісай ауданы бүгінде өңірдегі ең ірі індет ошағына айналып отыр. 20 азамат вирустың құрығына іліккен. Ауыл азаматтары осындай қысылтаяң кезде жергілікті биліктің көмегіне иек артпай-ақ өз күшімізбен сырқаттан сақтанымыз деп осылай тынымсыз әрекет етіп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04