Жәрдемақы жаңа тәсілмен төленеді
Жаңа жылдан бастап көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы жаңа тәсілмен төленеді. 4 және одан да көп кәмілетке толмаған балалары бар жанұялар табыстарына қарамастан мемлекеттік төлемге ие болады. Қазіргі есеп бойынша аталған жәрдемақыны 340 мыңнан астам отбасы алады. Оның мөлшері балалардың санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін болуы мүмкін. Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу тәртібі де өзгереді. Отбасы мүшелеріне шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, әлеуметтік жәрдемақыға ие болады. Бұл төлем енді тұрғындарды еңбекке ынталандыруға бағытталмақ. Яғни, отбасы мүшелерінің бірі еңбекке жарамды болса, оған тұрақты жұмыс ұсынылады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05