Өмірзақ Шөкеев: «Қазақстан Барысы» жобасының арқасында қазақ күресінің абыройы артты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Шөкеев: «Қазақстан Барысы» жобасының арқасында қазақ күресінің абыройы артты (ВИДЕО)

04.07.2015
Өмірзақ Шөкеев: «Қазақстан Барысы» жобасының арқасында қазақ күресінің абыройы артты (ВИДЕО)

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ»АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев елордадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» турнирін тамашалуда.

«Бүгін біз елорда күні қарсаңында үлкен спорттық мерекеге қатысып отырмыз. 

«Самұрық-Қазына» бұл ұлттық жоба қолға алынғалы бері қолдау білдіріп, демеушілік көрсетіп келеді. Осы шараның арқасында қазақ күресінің абыройы артып, онымен айналысушы жасөспірімдер саны еселеп артуда.

Екі мыңнан астам елді мекенде іріктеу сайыстары жүргізіліп, іріктелген мықтылар бүгін бақ сынауда. Батырларымызға сәттілік тілеймін!», - деді Ө.Шөкеев шараның ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде.  

Хабарламаларға жазылу