Тәуелсіздіктің арқасында қазақ күресінің жұлдызы жанды – Б. Ыстыбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің арқасында қазақ күресінің жұлдызы жанды – Б. Ыстыбаев

29.01.2016
Тәуелсіздіктің арқасында қазақ күресінің жұлдызы жанды – Б. Ыстыбаев

Елбасы қамқорлығының және мемлекет қолдауының арқасында спортшылардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырғанына тоқталған спортшы: «Мен ғана емес, осы залда отырған Ұлан Рысқұл, Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев және басқа да чемпиондардың барлығы Сіздің қамқорлығыңызбен әлемдік табыстарға жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылында талай байрақты бәсекелерде көк туымызды биікте желбіретті», - деді.

Сонымен қатар ол, қазақ күресінің соңғы уақытта айрықша қамқорлыққа ие болып, әлемге танымал спорт түріне айналғанын айта келе былтырғы жылы «Қазақстан барысы» атанғанда Елбасы қолынан алған алтын тайтұяқ – өзінің спорттық жолдағы ең үлкен марапат екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 29 қаңтарда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтті. Съезд қорытындысы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасы қабылданып, ағымдағы жылғы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының ресми сайты.

Хабарламаларға жазылу