Бауыржан Байбек: «Қазақстан барысы» жобасы әлемге танымал спорттық шараға айналды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек: «Қазақстан барысы» жобасы әлемге танымал спорттық шараға айналды (ВИДЕО)

04.07.2015
Бауыржан Байбек: «Қазақстан барысы» жобасы әлемге танымал спорттық  шараға айналды (ВИДЕО)

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек V республикалық «Қазақстан Барысы» турниріне қатысушыларды құттықтап, палуандарға жеңіс тіледі.

«Халқымыздың бірегей болмысы мен өр руһын паш еткен дүбірлі «Қазақстан Барысы» додасының өтуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Ең мықты палуандарымыз Елбасы сыйлығы үшін бақ сынайтын биылғы мерейтойлық V турнир Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты елдігімізді асқақтатар  мереке аясында және Астана күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Халқымыздың өршіл руһын жаһанға танытып, айбатын асырған қазақ күресінің даму тарихы ел шежіресімен тұтасып жатыр.

«Қазақстан барысы» жобасы бүгінде отандық жанкүйерлердің үлкен қызығушылығына ие болған әлемге танымал спорттық  шараға айналды. 5 жыл ішінде қазақ күресімен шұғылданушылар саны екі есеге артып, 120 мыңға жетті.  

Ал, палуандардың бүгінгі бәсекесін әлем бойынша әлемнің 126 елі тамашалап отыр. Спортшыларға сәттілік тілеймін!», деді Б.Байбек құттықтауында.

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Финалдық белдесулерді сағат 16.35-те Ұлттық арна эфирінен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу