Қамарсұлу: «Бауырларым» әніне бейнебаян түсірмекпіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамарсұлу: «Бауырларым» әніне бейнебаян түсірмекпіз

01.07.2015
Қамарсұлу: «Бауырларым» әніне бейнебаян түсірмекпіз

«ZHANDAUS» продюсерлік орталығының ашылғанына көп болған жоқ.  Орталықтың жұмысына тоқталған Жан Мұқанов: «Біздің орталықта бүгінде  бес әртіс бар. Қамарсұлу, Сара Исак, Ринат Мальцагов, «Сұлтаным» және Нина. Ринат Мальцагов жуырда Нью-Йоркке барып, бейнебаян түсіріп келді. Қамарсұлу – дәстүрлі әнді насихаттап жүрген өнерпаз. Әр әншінің өзіндік ерекшелігі бар»,-дейді.

«Менің ерекшелігім сол, қазақ әндері мен қазақ қызының болмысын көрсету мақсатында «Қамарсұлу» есімімен халық алдында өнер көрсетіп келемін. Шығармашылықты халық әндерінен бастадық. Алғашқы бейнебаян «Келінжан» халық әніне түсірілді. Жалпы, продюсерлік орталықтағы барлық әншілердің бір-бір бейнебаяны түсіріліп болды. Енді жуырда екінші әнімнің бейнебаянына кіріспекпіз. Ол – «Бауырларым» деп аталады»,-дейді Ләззат Байырбекова.

«Қазіргі таңда белгілі бір жобаны алып, қаражат құйып, продюсерміз деп жүрген жандар көп. Мен бұл салаға келмес бұрын  екі-үш жыл дайындалдым.   Мәскеуде продюсерліктің қыр-сырын оқып келдім»,-дейді Жан Мұқанов.

Қамарсұлудың орындауындағы «Ақ кимешек көрінсе» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу