«Өнерлілер отбасында дүниеге келгенмін. Әкем – сазгер, әнші, анам – Қытайға танымал биші. Ата-анам мені үш жасымнан бастап өнерге бейімдей бастады. Фортепиано, ән, би, домбыраны үйретті. Ал, сахнаға 12 жасымнан шықтым».
Ән мен би өнерін қатар алып жүрген Ләлә Бақытнұрқызы: «Маған екі бағыт та жақын. Ыңғайы келсе, сахнада екеуін де орындап бергім келіп тұрады»,-дейді.
«Бибігүл Төлегенова апайымды бала кезімнен үлгі тұтып келемін. Ол кісінің «Бұлбұл» әніне сол кезден ғашықпын. «Есейгенде бұл әнді мен де айтамын», деген арманым болды. Бүгінде сол арманға қол жеткендей».
«Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін, биін, ұлттық киімін насихаттау».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.