Әскери әндерге дауыс беру жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери әндерге дауыс беру жалғасуда

30.04.2014
Әскери әндерге дауыс беру жалғасуда
Сәуір айының 8-ші жұлдызында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жобасы - Республикалық «Әскери әндер» радиофестивалі бойынша көркемдік кеңестің алғашқы отырысы өтті.
 
28 қаңтар айынан бастап қолға алынып келе жатқан бұл жоба ұлттық рухты күшейтіп, қорғаныс саласының дамуын насихаттау, ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында Елбасының Жолдауында айтылған Ұлттық қорғанысымызды нығайтуды қолдау бойынша жүзеге асырылып отыр.
 
Ән сайыс жарияланғалы 3 айға жуық уақытта Қазақ радиосының қоржынына келіп түскен 30 әннен көркемдік кеңестің ұйғарымы бойынша 15 туынды байқауға қатысуға мүмкіндік алды.
 
Таңдалып алынған 15 ән «kazradio.kz» сайтында жарияланды. Өздеріңізге ұнаған әнге дауыс беріп, қазақтың ең үздік әскери-патриоттық әнін анықтауға үлес қосуларыңызға болады.
 

Хабарламаларға жазылу