Миллиондарды тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің ғаламат кешіне әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман арнайы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миллиондарды тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің ғаламат кешіне әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман арнайы келді

30.06.2019

Бұл – күллі әлем күткен кеш. Кеше мұраты асыл мұқым қазақтың ерке баласы, серке баласы Димаш Құдайберген астананың аспанын әнімен әлдиледі. Жаһан тағатсыз тосқан «Арнау» атты концертін берді. Қайталанбас сирек үнімен миллиондаған тыңдарманды тәнті еткен өнерпаздың ән кешіне 35 мың адам жиналды. Өзіміз де куә болдық. Әншінің әр әнін қосыла шырқаған шетелдік жанкүйерлерді көріп, жанымыз сүйсінді. Димаштың бекзада өнерін бағамдай беріңіз, кешіне әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман арнайы келген. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары да бар. Ғажап үні, қарапайымдылығы, бойы мен ойы үнемі озық көрінетін Димаштың әр сөзі де, шешімі де салмақты. Шетте жүргенімен, туған еліне елеңдеп отырады. Мысалы, Арыстағы ағайынның жағдайы. Міне, азамат! Қош, сонымен,  3 сағат бойы Димаш жанды дауыспен 27 ән орындап, бірнеше жаңа әннің тұсауын кесті. Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраны күмбірлетті. Ал қосымша қойылымдарға әлем сахнасында өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Енді Фариза Мұсақызына кезек берейін. Ғаламат кештің қалай өткенін айтып берсін.

 

Хабарламаларға жазылу