12-13 шілде күндері Қырғызстанның Бөзтері ауылындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру кешенінде «PR нарығындағы коммуникациялық трендтер: Мобильдік. Креативтілік. Тиімділік» І Халықаралық жазғы PR мектебі ашылады.
Шараны ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.
Халықаралық жазғы PR мектебінде PR-арнаулардың дербестенуі және кастомизация, коммуникация бизнесі және қарым-қатынастар экономикасы, коммуникациялық құралдар және дәстүрлі KPI, математикалық моделдер және коммуникациялық табыс, дербес коммуникация құралы және сенім пирмамидасы сынды дәрістер оқылады.
Сондай-ақ, түрлі семинар-тренингтер өткізілмек. Олардың қатарында «PR-нарығындағы жаңа ойыншылар: көшірмеден - түпнұсқа әзірлемелерге», «Коммуникациялық мінбердің трендтік бағыттар: DIGITAL, CRM, PR | MEDIABITCH», «Маркетинг үлес & Omni-channel: клиент үшін бәсекелестік дәуірі» сынды тақырыптар бар.
Шара соңында қатысушыларға 34 сағат көлемінде академиялық және практикалық курсты тәмамдағаны туралы біліктілігін арттыру куәлігі беріледі.